Сөз бен тіл - егіз
Сөзге мән бермей сөйлеу – күнә!
Сөйлеуде қалыптастыр әдепті жүйе.
***
Сұлу сөз – сезімнен шығар, Жүрек тербеп, көңілді бұрар.***
Мәнді сөз – алтындай бағалы, Мылжың сөз – талдырар сананы. *** Сара сөз – тамылжыған шырын-балдай, Жүрекке нұр құяды жазғы таңдай. *** Қанатты сөз – ұшқыр ойдың жемісі, Бейнелі, әуезді ұйқас көбісі. *** Тапқыр сөз – өткір сөз. *** Әдемі сөз – әдепті сөз. *** Қисынды сөз – қитұрқыдан ада, Бұра сөйлеу – ол да бір жала. *** Қисынды сөз – қисық сөзге қисаймас. *** Орынды сөздің әсері зор, Орынсыз сөз – үгітілген бор. *** Ақылды сөз майдай жағар, Жүректен орнын табар. *** Мәймөңке сөз – ашық емес, күмілжіген, сылап-сыйпар кібіртік сөз. *** Қымбат сөздің құны басым, Елестейді бейне жасын. *** Шешен сөз – өткір құрал, Зер салсаң идея туар. *** Нәрлі сөздің өрісі кең, Кесіп түсер қылышпен тең. *** Пәрменді сөз – өтімді ерекше сөз, Мәнділігімен елді ұйытар тез. *** Қисынды сөз – ашу шақырмас, Тым артық кетпей, татулас. *** Сөз – құдірет! Дүниедегі ең өткір – ол сөз. Сөз – тәкаппарды иілтер, сараңды да иітер. *** Сөз – бағасы жоқ, қымбаттан да қымбат кен, Оның өмір қаруы екендігіне сен. *** Аталар сөзі – тұнған қаймақ, Ақылға ақыл қосар, жайлап. *** Аталы асыл сөз – өміршең. *** Маржан сөзден сұлу сөйлем құралар, Әдепті сөзді әркім-ақ құп алар. *** Сөз маржанына берсе ерікті, Адам – сөзімен болар көрікті. *** Сөз қадірін шешен білер, Ел қадірін көсем білер. *** Сөзіңе қарап өзіңді таныр. *** Сөз өнерін меңгерген, өмірде де ілімдар, Тіл безеген шешеннен, үйренерлік тәлім ал. *** Суық сөз жүректі мұздатар, Әдепті, сыпайы тіл қатар. *** Ғайбат сөз – дауыл, Зардабы ауыр. *** Ойсыздық – өркөкіректікке жетелейді, Ғайбат сөз – жүректі қажыта төпелейді. *** Қорлаған сөз – жүректі кернейді, Зорлаған сөзге – жүрек сенбейді. *** Ауыздан шыққан зілді сөз, Қолмен шешіле қоймас тез. *** Өтірік сөз – жалған! Жала! Өрге баспас, арты шала. *** Өтірік сөз – жанды жер, Мақсатсыздық – арам тер. *** Тұз сіңбеген еттей жылымшы сөз – есте қалмас.Нұрмахан ТІЛЕГЕНОВ,
Жамбыл ауданының Құрметті азаматы, Жамбыл облысының құрметті ардагері.
(Жалғасы бар).
Ұқсас жаңалықтар
Ажары – әсем, дидары – көркем Таразым!
- 15 қазан, 2024
Муза – шығармашылықтың қайнар көзі
- 14 қазан, 2024
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді