Нақты шешімдер айтылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауындағы көптеген өзекті мәселелер көкейге қонды. Бұл Жолдауда Жаңа Қазақстанды құру барысында іске асырылатын қыруар мәселелер көзделген. Атап айтқанда, биыл су тапшылығы, құрғақшылық мемлекетіміздің өркендеуіне кері әсерін тигізгені баршамызға аян. Осы мәселеге орай Мемлекет басшысының Су ресурстары мен ирригация министрлігін құру керек деген тапсырмасы дер кезінде қабылданған шешім. Су саласына қатысты жеке министрлік тіршілік нәрін тиімді пайдалану жұмыстарына серпін берері анық. Еліміздің экономикасын дамытудың бір өзегі – кәсіпкерлікті дамыту. Мемлекет басшысы тапсырған құқық қорғау органдарының кәсіпкерлерді қудалауына тосқауыл қою мәселесі де елдің мүддесіне құлақ асқандықтан туып отырғаны белгілі. Қазақстанды IТ мемлекетке айналдыру мен «Amanat» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасын жандандыру да өте өзекті. 2029 жылға дейін 4 мың шақырым жолды жөндеу көптің көкейінде жүрген мәселе екені белгілі.
Кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылық жасағандарға жазаның күшейтілуі – өте құптарлық шешім. Әсіресе, соңғы кездері зорлық-зомбылық түрлері көбейіп кеткені жасырын емес. Тіпті, бұрын-соңды құлағымыз естімеген жауыздық әрекеттер орын алуда. Ондай зорлық-зомбылық жасаушы адамдарға қандай ауыр жаза белгілесе де аз. Сондықтан, бұл да көкейдегі нәрсе.
Президент жариялаған жаңа Жолдауда жақсы ойлар кеңінен айтылды. Енді жауаптылар айтылған тапсырмаларға сергек қараса, көптің көкейіндегі бірқатар мәселелер шешімін табатыны анық.
Күмісай СӘРСЕНБАЕВА,
Мәдениет саласының үздігі.
Қордай ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




