Ән-жырдан шашу шашқан өнерпаздар Елбасы жолдауын насихаттады
- author «Ақ жол»
- 25 желтоқсан, 2014
- 423
Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын насихаттау мақсатымен облыстық филармония өнерпаздары өңіріміздегі аудандарды, елді мекендерді аралап, концерттік бағдарламалар ұйымдастыруда. Өнер сапары Қордай, Шу, Мойынқұм, аудандарынан бастау алып, Талас, Сарысу аудандарындағы елді мекендерде жалғасты. Атап айтар болсақ, Т.Рысқұлов ауданының Тереңөзек, Қарақыстақ елді мекенінде және Құлан ауылында филормонияның «Кәусар» вокалдық-аспапты ансамблінің концерті өткізілді. Ал Меркі ауданында филормонияның жанынан құралған қазақ ұлт аспаптар оркестрі мектеп оқушыларына арнап танымдық лекция-концертін ұсынды. Ұжым басшысы, әнші Сәуле Жанпейісованың бастамасымен өткен шарада оқушылар дәстүрлі өнерден сусындап, оркестр құрамындағы ұлттық аспаптармен жақынырақ танысты. Сондай-ақ, Талас, Сарысу аудандарында ҚР мәдениет қайраткері, әнші Рәзия Мәдіханова, Жандос Омаров, Нәзима Үсенова, Ақмарал Ахметова, Қайсар Көкішев секілді әншілермен қатар, «Ақ кербез» бишілер ансамблі де болып, өнерлерін паш етті. Олар өңіріміздің мәдениеті мен тарихынан сыр шертетін жергілікті өнер шеберлері композиторларының туындылары мен жаңа шығармаларын орындап, тыңдармандардың ықыласына бөленді.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Президент Қордайда «Достық үйін» салуды тапсырды
- 26 сәуір, 2025
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақпарат
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді