Денсаулық
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 503,4 мыңға жуық адам қатысты
- author «Ақ жол»
- 11 қыркүйек, 2023
- 676
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 503,4 мыңға жуық адам қатысты
Биыл 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 503,4 мың адам қатысты. 345,7 мың адам жұмысқа орналасты, оның 181,9 мыңы тұрақты жұмысқа шықты, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Субсидияланатын жұмыс орындарына 163,8 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 16,1 мың адам, жастар практикасымен 19,3 мың адам, қоғамдық жұмыстармен 108,5 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 6,7 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 326 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 12,9 мың адам жұмыспен қамтылды.
Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 37,2 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 34,1 мыңы оқуды аяқтады.
Сондай-ақ «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 110,8 мың адам қамтылды, оның ішінде 82,7 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.
Қызмет саласын таңдау мақсатында 87,9 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.
2023 жылы Ұлттық жоба шеңберінде 400 АЕК (1 380 000 теңге) мөлшерінде жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 9 мың грант беру көзделген. Жыл басынан 5317 грант берілді.
Ұқсас жаңалықтар
Қызылшамен сырқаттану деңгейі 1,4 есеге азайды
- 20 қаңтар, 2026
Халықтың саулығы бәрінен маңызды
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




