Сен көтерген желбірейді ту әлі
Жалғас Оразбек, №51 орта мектептің 11-сынып оқушысы. Мызғыта алмас жауларының мың езі,
Теңдессіз күш, бір армия бір өзі.
Тауға қарай аққан Теріс өзені,
Секілді өрге тартып туған мінезі. Қан майданда еткен ерлік ақталды,
Есіміңмен елің бүгін мақтанды.
Соғысқа ол жауыздықты жоюға,
Һәм соғысты болдырмауға аттанды
Қолына ұстап қаруын һәм қалам да,
Соғыспа деп ұран айтты ғаламға.
Арыменен жазды әппақ параққа,
Оқ атуға болмайтынын адамға
Сен көтерген желбірейді ту әлі,
Отаным деп жастар белін буады.
Бауыржандай батыр туған өңірден,
Мен сенемін, талай батыр туады!
Тараз қаласы.Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




