«Қаратау ғазалдары»
Сарысу ауданының әкімі Қанатбек Мәдібектің демеушілігімен жарық көрген ақын Маралтай Райымбекұлының «Қаратау ғазалдары» атты жыр кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Ақын жинағының тұсаукесер рәсімінде аудан басшысы Қ.Мәдібек:
– Қазыналы Қаратауды жайлаған Сарысу ауданының тұрғындары өнерді қадірлеген киелі ел. Сондай-ақ, бұл Маралтай Райымбекұлының кіндік қаны тамған топырақ. Ақын шығармалары өзге тілдерге де аударылып, таралуда, – деп, ақын есімінің жерлестері үшін қашанда мәртебелі, мақтаныш екендігін тілге тиек етті. Кеш барысында ақынның сырлы да сұлу өлең жолдары тыңдаушы жүрегін баурап алды.
Сәулембай ӘБСАДЫҚҰЛЫ, «Ақ жол».
Сарысу ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Таразда таңды-таңға ұрып қисса айтатын жігіт бар
- 10 ақпан, 2026
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




