Білім саласындағы бірыңғай бастамалар
Облыста жұмыс атқаратын 573 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 60 мың бала тәрбиеленуде. Оның ішінде 40,3 пайызы жекеменшік секторлардың үлесінде. Онда жалпы балалардың 42,8 пайызы қамтылған. Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту үлесін арттыру мақсатында 2022 жылы 2197 орындық 24 мектепке дейінгі ұйымдар ашу жоспарланып, 2270 орындық 20 жекеменшік балабақша ашылды. Нәтижесінде, 2-6 жас арасындағы балаларды қамту үлесі 94,1 пайызын құрады.
«Балалар жылына» орай, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатындардың санатына жататын отбасынан шыққан 1221 баланың ата-ана төлемақысының 25 пайызы жергілікті бюджет есебінен өтеу бағытында жұмыстар жүргізілді.
Бүгінгі күні мектепке дейінгі ұйымдарда 11326 осал отбасынан шыққан балалар тәрбиеленуде.
Қазақстан Республикасы Президентінің 26.11.2022 жылғы №2 Жарлығымен бекітілген «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл Жоспарының 77-тармағына сәйкес әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 11326 баланы биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап тегін тамақпен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 425 678,0 мың теңге қарастырылды.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиешілердің жалақысын қыркүйек айынан бастап көбейту бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Облыста Тараз қаласында орналасқан 280 орындық №35 «Ертөстік» және Жамбыл ауданында орналасқан 280 орындық «Нұршуақ» бөбекжай-бақшалары мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделін іске асыру шеңберіндегі «Өсу нүктелері» құзыреттілік орталықтары» және «Мектепке дейінгі ұйымдағы топта күн бойында екі педагог» пилоттық жобасына қатысты.
Бұл жобаның мақсаты – мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы озық тәжірибені мектепке дейінгі ұйымдардың практикасына тарату және енгізу, педагогтердің жүктемесін азайту, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын арттыру.
Ағымдағы жылы «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасында мектепке дейінгі тәрбие және оқытуға тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды 94,2 пайызға дейін жеткізу көзделген. Осыған байланысты биылғы жылы 1937 орындық 17 жекеменшік балабақша ашу жоспарланып отыр.
Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
«Сапалы білім – саналы ұрпақ кепілі» атты кездесу өтті
- 24 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді