Жаңару жолындағы жиын
Бұл форум тәжірибе мен идеялармен бөлісуге, өзекті сұрақтар қоюға, сондай-ақ, Үкіметпен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беретін үлкен диалог алаңына айналды. Форумның негізгі мақсаты – барлық деңгейдегі депутаттардың мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс- қимылы үшін, сондай-ақ өз қызметін жүзеге асыру кезінде тиімділікті арттыру үшін өкілді билікті дамыту болып табылады.
Форумға Премьер-Министр Әлихан Смайылов, ҚР Мемлекеттік хатшы мен «Amanat» партиясының өкілдері және Үкімет мүшелері қатысты.
«Amanat» атынан сайланған мәслихат депутаттарының республикалық форумы дәстүрлі форумға айналатын болды. Партия төрағасы Ерлан Қошанов форумның пленарлық отырысын қорытындылаған сөзінде «Осы форумды жыл сайын немесе екі жылда бір рет өтетін дәстүрлі форумға айналдырсақ деген ұсыныс бар. Сіздердің қол соғуларыңызды мен қолдау деп түсініп отырмын. Бұл форум бүгінгі жиынмен аяқталмайды. Келер жылы да осылай жиналып, Үкімет мүшелерін, жергілікті билік өкілдерін шақырып, Мемлекеттік кеңесшіміз бар, осындай жиында ақылдасқанымыз жөн деп ойлаймын», – деп түйіндеді.
Жалпы, жиында алдағы жұмыс бағыттарын талқылаудан бөлек, 11 панельдік сессия өтіп, қатысушыларға бейінді министрге, орталық мемлекеттік органның басшысына кез келген сұрақты тікелей қоюға мүмкіндік берілді.
Біз министрлермен кездестік. Мен Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловтың диалогында болдым. Әртүрлі сұрақтар қойып, жауаптар алдық.
Партия ұйымдастырған бұл форум бірінші кезекте мәслихат депутаттары үшін аса пайдалы деп айтуға болады. Өйткені, маңызды шара тәжірибе алмасуға, жергілікті мәселелерді шешу жолдарын анықтауға, тиімді тәсілдерді іздеуге көмек беретін жақсы алаң деп есептеймін. Сондай-ақ, саяси іс-шара азаматтардың сенімі мен үмітін ақтау жолындағы «Amanat» партиясының кезекті жаңаруы деп айтуға болады.
Эльмира АБДИНОВА,
Тараз қалалық мәслихатының депутаты.
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестікке серпін берген сапарлар
- 23 қараша, 2024
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді