Балық аулағанда сақ болыңыз!
Облыстың төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері су айдындарында адам өлімінің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды тұрақты жүргізіп келеді. Соған қарамастан өңірде қайғылы оқиғалардың орын алып жататыны өкінішті. 31 шілдеде Тараз қаласындағы Талас өзенінде қайғылы оқиға орын алды. Балық аулау кезінде 11 жасар бала суға құлап, батып кетті. Баланы құтқармақ болған 25 жастағы жігіт те батып кеткен. Олардың денесін Жедел құтқару жасағының сүңгуір-құтқарушылары тауып, судан шығарды.
Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының мамандары облыс тұрғындары мен қонақтарын осындай оқыс оқиғаларға ұрынбас үшін қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Мәселен, балық аулау үшін орын таңдағанда, оның қауіпсіз екендігіне көз жеткізуді және мынадай бірқатар кеңестерді ұстануды ескертеді. Тік жағалауы бар орындарды таңдамаңыз. Құмды немесе топырақты тік жағалауларда да қауіп бар, әдетте мұндай орындар тайғанақ келеді және құлап кетуіңіз әбден мүмкін.
Есіңізде болсын, сіздің өміріңіз өз қолыңызда!
Жүрсінгүл ЖАҚЫП.
Ұқсас жаңалықтар
Медициналық қызметтің сапасын пациенттің өзі бағалайды
- 16 наурыз, 2026
Бруцеллез – қауіпті зооноздық ауру: алдын алу мен бақылау
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




