Тұғырымыз биік болсын
Лариса ЛЫСОВА, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі. «Осыдан 23 жыл бұрын адамзат көгінде жарық жұлдыз пайда болды. Ол – көк байрағын шалқытып, әлем тарихына мөрін басқан Тәуелсіз Қазақстан», – деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік күніне орай өткен салтанатты жиында. Иә, осынау уақыт аралығында жас барыстай қуатты мемлекетіміз әлемге өзін танытып, дамудың қарышты қадамдарын жасаған серпінді ел ретінде мойындалып үлгерді. Ең бастысы, сүттей ұйыған ұлттар татулығының жарқын үлгісіне айналды. Бұған дәлел – Елорданың Бейбітшілік және келісім сарайында тұрақты түрде өткізілетін халықаралық жиындар. Қазақстан халқы Ассамблеясының әрбір сессиясында республикамыздың түкпір-түкпіріндегі түрлі ұлт өкілдерімен татулықты ту қылып, жаңа міндеттерді жүктеп қайтамыз. Ұлтаралық келісім мен халықтар достығының нығаюына өз септігін тигізетін Қазақстан халқы Ассамблеясы әр кезде уақытпен бірге қадам жасауда. Алдағы жылы Ассамблеяның мерейтойын да абыроймен атап өту барлығымыздың парызымыз. Жаңа сын-қатерлерге төтеп беретін «Нұрлы жол» Жаңа Экономикалық саясаты да жасалды. Ендігі міндет – бір жағадан бас, бір қолдан жең шығарып, табысқа тоқмейілсімей осы жолда ары қарай нәтижелі еңбектену. Сонда Тәуелсіздігіміздің өмірлік философиясы – Мәңгілік Еліміздің тұғыры биік болмақ.Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




