МАҚТАН ТҰТАМЫЗ
Сұлхадин Мұстафаев, Қасқабұлақ ауылдық округінің әкімі. Елбасы елімізде тұратын халықтардың бауырластығы туралы «Біздің көп ұлтты ел болуымыз – ол біздің бақытымыз» деген еді. Бұл тұжырымның өте орынды айтылғанына көзіміз жетеді. Қазақстанда 130-дан астам ұлт пен ұлыс тату-тәтті өмір сүруде. Сонау 1937 жылы сталиндік репрессияның зардабынан Әзірбайжан республикасынан күштеп жер аударылған күрді халқы өздерін құшақ жая қарсы алған қазақтарды бауыры, Қазақстанды өз Отаны санайтын дәрежеге жетті. Себебі, қасиетті қазақ елі бізді өгейсіткен жоқ. Туыс, бауыр деп таныды. Соның нәтижесінде халқымыз еш теперіш көрмей өсіп, өнді. Республикамыз Тәуелсіздігін жариялап, егемендігін алғалы бері осынау тенденция одан әрі нығайып, күрді ұлтының өкілдері ұлттық мәдениетін, салт-дәстүр үрдістерін, тілін дамытуға мүмкіндік алуда.
Біздің Қасқабұлақ ауылынан Қазақстанға ғана емес ТМД-ға есімдері танымал қоғам, ғылым қайраткерлері шықты. Аты әлемге әйгілі академик Надир Надировты таластықтар да, сарысулықтар да, Жамбыл ауданының тұрғындары да өз жерлесі санап, мақтан етеді.
Өзім болсам, ширек ғасырдай мектеп директоры болып қызмет атқардым. Соншама жыл халық депутаттары аудандық Кеңесі мен аудандық мәслихатқа депутаттыққа сайландым. Төрт жылдан бері ауылдық округ әкімімін.
Ауылымыздың экономикалық-әлеуметтік дамуына Үкімет ұдайы қамқорлық жасауда. Осының барлығы Елбасының, Тәуелсіздіктің арқасында ғана мүмкін болғанын қасқабұлақтық күрділер біледі, және алғыс-ризашылықтарын айтады. Жасай бер, Қазақ Елі!
Талас ауданы.Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




