Не жазамын?..
Нұржан МАНАСҰЛЫ. Не жазамын?.. Не жазамын,
Бар еді ғой кеудемде ғазал әнім.
Бар еді ғой өлеңде өз әлемім.
Соны жазбай мен қалай тазарамын
Ғайыптан бір күш келіп мазаны алды. Жыр жазу, ол мәңгілік арманым ба,
Жазамын кеудемде ән барында.
Ұғарсың қасиетін асыл жырдың,
Бұлақтай мөлдіріне қанғаныңда.
Бар шығар-ау менің де бір білгенім,
Соғармын сөз асылын, жырдың кенін.
Мен де өтермін өмірден бір күндері
Жараспас жырлар жазбай құр жүргенім.
Бұлақтар сыр ақтарды кеше маған,
Ай сәулесі үңіліп босағадан.
Ақ бұлттар да аспанды жүрді айналып,
Жылап-жылап өксігін баса алмаған.
Қыран халқым ақ жырлар күтті менен,
Қара түнде жылайды тұтқын өлең.
Қияңнан қанат қаққан балапан ем,
Мұңдансам жанарыма шық түнеген.
Халқым маған қарайды, ал мен кімге,
Ақ көңіл ағайындар көрген күнде,
Жүректерге жол табар жырлар жазам,
Асып кетпей адамдық шеңберінен. Гүлім-ау... (Элегия)
Гүлім-ау,
Сенің елесің адасып бақта жүр,
Өмірде барыңа сенген ем.
Қоштасты бізбенен түндердің мақпалы,
Ұға ма, пенделер ғашық боп көрмеген?
Гүлім-ау,
сол бақта сенделіп көп жүрдім,
Сағыныш саздарын өзімше ұғынып...
Әйтсе де, елесі «гүл-көктем» сол күннің,
Тым қысқа екен-ау ғұмыры...!
Гүлім-ау,
бақтағы сағыныш ауыпты маған да,
Сол менің сарғайған себебім...
Енді мен өзіңе «көктем» боп бара алман,
Құбыла жақтарды бетке алып келемін.
Гүлім-ау,
жаралы жүректе жатқанда сең көшіп,
Жыласам өзіме обалым,
Ұмытсам қалайша көктемнің сол кешін?
«Жапырақ ғұмырдай» сарғайып барамын...
Гүлім-ау,
ұмытсам өзіңді кеш мені!
Нұрына сол бақтың шомылып.
Мәңгілік сағыныш, мәңгілік есте жүр
Қалмасам өмірден мәңгілік бөлініп... Жалғыздық Жалғыз. Ойыма оралып қайдағым,
Кездім-ау қапа боп, қара түн қойнауын.
Мені ұғар, пендеден кенде боп...
Менде бір бейкүнә ой барын,
Ұғынар «періштем» қайда жүр?
Ал өзін жұбатар ел не деп?
Жалғыз. Жоғалтқан жандай боп сенімін,
Жұлдыздар дірілдеп менімен демі бір...
Меңі бар, мұңы бар ай кәні?
Жыласам жұбатар мені кім?
Өгей боп өмірім, өлең боп тіл қатар серігім...
Әйтеуір, сен жақта көңілім..
Аңсадым үніңді, күлкіңді жайдары...
Жалғыз. Мендік махаббат, мәңгілік сағыну
Өксіткен өмірге қарадай налыдым.
Сезімтал жүрегім іздейді өзің жоқ болғасын,
Сырласым жұлдыздар, менімен жаны бір.
Күнім боп оралшы жарығым,
Баянсыз бақыт та басыма қонбасын.
Жалғыз. Кім ұғар «ғазалды» мендегі?
Мәңгілік сағыныш, санамды меңдеді. Қызыл қырдағы қыркүйек... Атырсам сенімен таңды бір...
(Мен осы өзгеден кем бе едім..)
Сен тағы келмедің..
Қарашы мендегі жүректің шөлдеуін,
Амал не, өзім-ақ көтерем барлығын.
Шынымен, екеуміз кеттік пе бөтен боп,
Тәңірдің өзі де жалғыз екен ғой..!
Жалғыздығым,
жаhанға біткен жабырқау «жалғыз гүлім»,
Жалғыз өмір, жалғыздықты серік етіп жанына...
Жұлдыз жақтан, жаңбыр емес тамды ызғар,
Жауқазыным, сорлы гүлім налыма!
Тұрсың ба аман, жанарыңа түскен жүкті көтеріп?
Тек, екеуміз ғана егізбіз...!
Тым ерте сезініппіз, өмірдің өтпелі, бекерін
Күнелтеміз, тағдырымыз ұқсас,
Екеуімізді дер біреулер «егізұл»..!
Қоңыр күз... Екеуміз, егілмей қайтеміз,
Тоныңды тонаған, жалғанды жек көріп...
Біз үшін сағым боп, келер күн, қайта өмір,
Екеуміз бәрібір арманға жетпедік.
Сары дала. Жаз кетіп, еш қызық қалмаған,
Сарғалдақ ақынның сағыныш меңдеген санасын,
Кім естір «жауқазын-ғұмырдың», мұңды үнін зарлаған?
Жалғыздық, біздерді жылатқан жаз осы...
Күз-ғұмыр... Түздерде ызғырық жел есіп,
Жүз күннің қызығы талды әні.
Бақтардан іздермін, өткен бір күндердің елесін,
«Жоғалтқан гүлдерім», обалың «опасыз өмірге»,
Ал, мен үшін қайтадан қайғы өмір!
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді