Көгіңде қыран құсы қалықтаған
Бабыржан Тұрлыбай, Абай атындағы дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектептің 8-сынып оқушысы. Пах шіркін, жазиралы Алып далам! Сан армандар төсіңде шарықтаған. Сан торғайлар талыңа ұя салып, Сан тырналар көгіңде қалықтаған.
Елміз ғой кеудесінде оты жалын, Маған биік әрбір тау, шоқыларың. Қазақтың сахарасы десе шіркін, Өзімше өлең жазып отырамын.
Өз жерім өзіме жыр, мақтанышым, Жігерім көп сол жерді сақтау үшін, Маған сірә арсыздың «ары» керек, Қасиетті жерімнен аттау үшін.
Күнді көрмес соқырдың көзі керек, Ақ мамықтай жерімді таптау үшін. Азанды да естімейтін құлақ керек, Әлдилеген бесігімді даттау үшін.
Пах шіркін ! Алып далам, Көгіңде қыран құсы қалықтаған. Қасиетіңді бір сенің дәріптеуге, Барымды да, жанымды салып бағам.
Ұқсас жаңалықтар
Қаламгердің шығармасы өз дауысымен жазылады
- 5 наурыз, 2026
Ақжал ақын Серік Томановтың туғанына – 70 жыл
- 4 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




