190 келідей каннабис тәркіленді

190 келідей каннабис тәркіленді
ашық дереккөз
190 келідей каннабис тәркіленді
Шу ауданында Тараз қаласының 31 жастағы тұрғыны жабайы қарасора дайындау кезінде ұсталды. «Қарасора-2023» және «Дәрмек» жедел алдын алу іс-шаралары барысындағы жедел іздестіру жұмыстарын облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментімен және «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлініс қызметкерлерімен бірлесіп жүргізді. – Алға ауылының «Қақпақты» учаскесіндегі құмды аймақта ұсталған азамат жабайы қарасораны жинап, 4 қапқа салған. Сондай-ақ, орылған қарасора қалдықтары бар орақ табылды. Сараптама нәтижесінде жалпы салмағы 189 келі 940 грамм болатын тәркіленген зат каннабис есірткі заты екені анықталды. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Бұл бап мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді», – деп хабарлады облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.  

«Aq jol»-Aqparat.

Ұқсас жаңалықтар