Адам өмірін қиған апат көп

Адам өмірін қиған апат көп
ашық дереккөз
Адам өмірін қиған апат көп
Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі баспасөз конференциясы 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында өтті. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметі мен жартыжылдық қорытындысы, шомылу маусымы, қауіпсіздік ережелерін сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары кеңінен айтылды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы, полковник Ермек Момбаевтың айтуынша, жыл басынан бері облыс аумағында резонанстық төтенше жағдайлар болмаған. «112» және «101» нөмірлеріне 220 мыңнан астам қоңырау түскен, бұл өткен жылғы осы кезеңнен 10,2 пайызға азайғанын көрсетеді. Аумақтық бөлімшелермен авариялық-іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында 778 адам құтқарылып, төтенше жағдай аймақтарынан 313 адам эвакуацияланған, 199 зардап шегушіге дәрігерге дейінгі көмек көрсетілген. – Барлық оқиғалардың 92 пайызы (394 жағдай) өндірістік және тұрмыстық өрттерден келеді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда олардың саны 34,8 пайызға өсті. Өрт кезінде 12 адам қаза тапты. Өрттің негізгі себебі, адамдардың салғырттығынан болып отыр. Облыс аумағында 8 көміртегі тотығымен улану жағдайы орын алып, 11 адам зардап шегіп, 1 адам қаза тапты. Жыл басынан бері облыс аумағында 3 объектілік және желдің салдарынан 6 жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Төтенше жағдайлардың алдын алу, уақтылы анықтау және салдарын жою мақсатында департамент пен «Қазақстан Ғарыш Сапары «ҰК» АҚ арасында 2023 жылға облыс аумағындағы су тасқыны мен өрт жағдайын ғарыштық және әуе бақылау бойынша қызметтер көрсетуге 8 миллион 830 мың теңге сомасына шарт жасалды. Ғарыштық мониторингтің 181 суреті түсті, оның 126-сында облыстағы су басу аймақтары көрсетілген. Термиялық серифтер (жоғары, орташа және төмен температура ошақтары) көрсетілген 4 сурет бар. Елді мекендерді, экономика нысандарын және халықты су тасқыны қаупінен қорғау үшін облыста «2023 жылғы су тасқыны қаупі бар кезеңге дайындық жөніндегі жұмыс жоспары» бойынша іс- шаралар атқарылды. 7 су қоймасының, оның ішінде Қырғыз Республикасының (Киров және Ортокой) аумағындағы 2 су қоймасының жұмыс режимі және облыс өзендерінің арналары бойынша тасқын сулардың қауіпсіз өтуі департамент қызметкерлерінің тұрақты бақылауында болды. «2021-2023 жылдарға арналған су тасқыны қаупінің алдын алу және жою жөніндегі шаралар кешені» Жол картасының іс-шараларын орындау мақсатында Талас өзенінің арнасы бойынша жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізуге биылға 1 миллиард 723 миллион 600 мың теңге бөлінді. Осы алты айда облыстың су айдындарында 3 адам суға батып кетті, оның біреуі бала, – дейді департамент басшысы Ермек Жамбылұлы. Департаменттің кадр саясаты басқармасының басшысы Алмас Жұматаевтың сөзіне сүйенсек, биылғы алты айда департаменттің және құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа жол бермеген. – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыруда жыл басынан бері «Amanat» партиясы филиалдарының, облыс бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірлесіп, түрлі форматтағы іс-шараларды өткіздік. Тәртіптік практиканы қолдануға принципті көзқарас қолданылады. Әскери-қызметтік тәртіп мәселелері жедел және аппараттық кеңестерде үнемі қаралып, талқыланады. Басшылардан әскери-қызметтік тәртіп пен ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай- күйінің жағымды болуына сұраныс күшейтілді, – дейді азаматтық қорғау подполковнигі Алмас Бауыржанұлы.  

Қамар ҚАРАСАЕВА

Ұқсас жаңалықтар