Достық алауы жанындағы кеш
Жайдары жазбен бірге табиғат аясында дем алу адам бойына серпін береді, жаның жай табары сөзсіз. Сондай табиғат аясында бас қосуды жақын достар мен қызметтестер арасында ҚР ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша Департаментінің Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасының Тәрбие идеологиялық және кадрлық жұмыстар бөлімі бастығының орынбасары подполковник Қуанышбек Мұсабековтың ұйымдастыруымен "Достық алауы" атты кеш өткізілді. Сарбаздар маздаған кешкілік алаудың жанында жиналып, осындай ерекше демалыста бас қосуға барынша ат салысты. Кеште сарбаздар әскери патриоттық ән айтумен қатар, әсем әннің ырғағында би биледі, бастан кешкен оқиғаларымен бөлісіп, кештің ажарын аша түсті. Мұндай кештер әскери ұжымдарды жұмылдырады, әрі бір-бірімен сырласу арқылы бірін-бірі жақсы тануға көмектеседі және достық қарым-қатынастарын нығайтатыны анық.
Кітапхана меңгерушісі Камила Әбсеметова
Ұқсас жаңалықтар
Әр естелік - желтоқсаншылардың жан сыры
- Бүгін, 06:03
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




