Сөз бен тіл - егіз
Сөз – кие, ойланып сөйле, қастерлей біл.
***
Асқақтата мақтайтын да – сөз,
Тұқырайтып даттайтын да – сөз.
***
Сөз – сөйлеуші адамның таным-түсінігінің, ой дәрежесінің бұлтартпас көрсеткіші.
***
Сөз – өмірдің қаны, ғұмырдың бағдарламасы.
***
Сөз – ақылдың асылы,
Ақыл – сөздің ақыры.
***
Сөз – ақылдың найзасы,
Көз – өмірдің айнасы.
***
Сөз – ойдың айнасы.
***
Сөз – адамның ойлау қабілетінің куәсі.
***
Мейірдің үні – көз,
Ақылдың үні – сөз.
***
Сөзді тыңдар – құлақ,
Көз – жанған шырақ.
***
Көз – сырдың сандығы,
Сөз – көңіл жарлығы.
***
Жүректің: сөз – емшісі, көз – елшісі.
***
Жіктеп айқын сөйлеген сөз – асыл,
Жарық дүние сыйлаған – көз асыл.
***
Сөз – ықтырып тежейді,
Көз – жол нұсқап безейді.
***
Сөз – апатты басыңа төндірер,
Сөз – еркені ерікке көндірер.
***
Сөз – атқарылған істі жеткізіп баяндаушы.
***
Сөз – кестелі кесек ойды тілге жеткізуші.
***
Сөз – дүниенің кілті,
Тұрпайы сөз – түрпі.
***
Сөз – түбі ерекше терең, ғажап дария.
***
Сөз – ұлтпен бірге жасасып келе жатқан асыл мұра.
***
Көпіріп көп сөйлегеннен, мәнді келген аз сөз артық.
***
Ұйқасты келсе, сөз сұлу,
Мейірлі сөз – жанға жылу.
***
Ойлы көркем сөз – жанға жайлы сөз.
***
Сөз – ойлы еңбекпен келер,
Бағасын тыңдаушы берер.
***
Сөз – ойдан туар,
Су – жерден шығар.
***
Сөз – сананы сабақтастыратын, ұлтпен бірге жасайтын ұлы мұра.
***
Асыл сөздің құны бар,
Алқа етіп іліп ал.
***
Ақымақ асыл сөздің парқын білмес,
Мақал мен нақылға ол, іңкәр емес.
***
Асыл сөз қалдырсам деп болашаққа,
Ойымды сараптадым, қойдым сапқа.
***
Сөз – тіл арқылы ұлтпен біте қайнасқан, ерекше тұтасқан әлем, таным-түсініктің қоймасы.
***
Жақсы айтылған тәуір сөз орайлы келеді,
Зерек сөздің жақсылығын, халық көреді.
***
Жақсы сөз адамды балқытар,
Рух беріп, шабытты шалқытар.
***
Жарым ырыс боларлық, жақсы сөз сөйле,
Сөз де бағдар, мақсатқа жеткізер демде.
***
Ой пернесін зерлеп түзген,
Сөз жеткізер жұртқа бірден.
***
Жақсы сөз – ақыл қосар,
Жаман сөз – көңіл басар.
Нұрмахан ТІЛЕГЕНОВ,
Жамбыл ауданының Құрметті азаматы,
Жамбыл облысының құрметті ардагері.
(Жалғасы бар).
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Таза Қазақстан – біздің қолымызда» атты дөңгелек үстел өтті
- 27 желтоқсан, 2024
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді