Оңды тірліктерге оң баға

Оңды тірліктерге оң баға
ашық дереккөз
Оңды тірліктерге оң баға

Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев уақыттың тапшылығына қарамастан, 16 желтоқсан күні Жамбыл және Байзақ аудандарының бірқатар шаруашылықтарына арнайы атбасын бұрып, ауыл еңбеккерлерін мерекемен құттықтады. Олардың тыныс-тіршілігімен танысты. Облыс басшысы алдымен Жамбыл ауданының «Амангелді» өндірістік кооперативі (төрағасы Қасымхан Қанаев) мен «Орақбай» шаруа қожалығына (төрағасы Досымжан Оразқұлов) келді. Екі шаруашылық та негізінен жылыжайда көкөніс өсірумен айналысады. Орақбайлықтарға тән 100 жылыжайдың сырт келбеті мен ішкі көрінісі кім-кімнің де көңілінен шығар еді. Жыл бойы өнім өндіретін шаруашылықтың жұмысына оң баға берген Кәрім Нәсбекұлы: – Жігіттер, жарайсыңдар! Мереке деп той тойлап кетпей, жұмыс басында жүргендерің нағыз азаматқа тән қасиет. Досымжан, жылыжайыңның жағдайы жақсы екен. Қасымхан екеуің мынаны естеріңе сақтаңдар. Өндірілген өнімді сыртқа шығармай, тек облысымыздың тұтынушыларын қамтыңдар. Тірліктеріңе көңіл толады, – деп табыс тілеген облыс әкімі «Бірлік» шаруа қожалығына келді. Бұл шаруашылық негізінен мал бордақылаумен айналысады. Аумағы ат шаптырымдай көлемді алып жатқан шаруашылықтың болашағы да зор секілді. Бүгінде қабырғасы қаланып, 2015 жылдың маусым, шілде айларында аяқталатын тауарлы-сүт фермасының құрылысында да жұмыс қарқын алған. Бүгін мереке, біз де демаламыз деместен мал бордақылау алаңында құрылыс жүргізіп жатқан құрылысшыларда да тыным жоқ.

8 7 6 Облыс басшысы шаруашылық жетекшісі Жаңабек Сұлтанбековтің әңгімесін тыңдай жүріп, бордақыға қойылған малдың қоңдылығына, ат қорадағы асыл тұқымды сәйгүлік жылқылардың сымбатына, құрылыс жұмысының қарқындылығына, осы жұмыстың басы-қасында жүрген қарт басшыға риза болды. Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың мереке күнгі жұмыс сапары Байзақ ауданында жалғасты. Мұнда ол жылыжайда өнім өндіретін «Талап» және «Манат» шаруа қожалықтарында болып, жұмысшы-қызметкерлерді мерекемен құттықтады. Облыс әкімінің мерекелік сапары кезінде облыс әкімі­нің орынбасары Қалижан Әбдірайымов, облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы­ның басшысы Абдалы Нұралиев және Жамбыл ауданының әкімі Рүстем Дәулет пен Байзақ ауданының әкімі Мұратхан Шүкеев бірге болды.

Дүйсенбек ОРМАНОВ, журналист.

Жамбыл және Байзақ аудандары.

Ұқсас жаңалықтар