Әлемдегі ең ақылды балалар
Григорий Смит
Ол 1990 жылы дүниеге келген және 2 жасында кітап оқи алған. 10 жасында университетке түсіп, ерекше ақыл-ойын дамыта берген. Әлем көшбасшылары Михаил Горбачевпен және Билл Клинтонмен кездескен. Григорийдің жетістіктерінің бірі – әлем балаларының арасында түсіністік іздеуге бағытталған Халықаралық жастар адвокаттары ұйымын құруы. Бала кезінде Смит бірнеше рет Нобель сыйлығына ұсынылған.Махмуд Ваиль Махмуд
1999 жылы тағы бір керемет бала дүниеге келді. Ол Гиннестің рекордтар кітабына ену құрметіне ие болды. Құрдастары арасында IQ-і ең жоғары 155 балды құрады. Ол бірнеше мәнді сандардан тұратын күрделі мысалдарды шешу арқылы әлемді таң қалдырды. Өзінің тез ойлау қабілеті арқылы тіпті Отаны – Египеттен шыққан барлық атақты ғалымдарды басып озды. Бастауыш білім алғаннан кейін Махмуд арнайы бағдарламалар бойынша оқыды. Әлемнің ең танымал компьютерлік программаларын құрған.Таниш Мэтью Авраам
2003 жылы Америкада дүниеге келген. Ұлты – үнді. Төрт айлығынан бастап ол балалар кітаптарын қарап, олардың мазмұнын түсініп, соған байланысты тіл қатқан. Төрт жасында Таниш тестілеудің 99,9 пайыз нәтижесімен «Менса» қоғамының құрамына кірді. Бір жылдан кейін ол Стэнфорд университетінде математика курсын бітірді. Алты жыл орта мектепке барды. Көп ұзамай колледж студенті болды. Балаларға арналған эсселері NASA-ның Lunar Institute веб-сайтында жарияланған.Алексис Мартин
Жер шарындағы ең ақылды балалар тізімінде қыздар да бар. Дарындылардың бірі – Алексис Мартин. Ол «Менса» қоғамының мүшесі болды. Үш жасында оның IQ деңгейі 160 балды құрады. Нәрестені сынақтан өткізетін сарапшылар қателік болуы мүмкін және Алексистің өнімділігі одан да жоғары деп санайды. Үш жасында қыз көптеген географиялық атауларды білді. Алексис испан тілін өз бетінше үйрену үшін ата-анасының смартфонын қолданған. Нәрестенің дарындылығының алғашқы белгісі, ол – оған бір жасында анасының оқып берген ертегісінің есінде қалуы. Содан бері Алексис естіген барлық оқиғаларын сөзбе-сөз аударып, таңқалдырып келеді.Оскар Ригли
Дана бала Ұлыбританияда 2011 жылы дүниеге келді. Екі жасында «Менса» қатарына қабылданды. Оның IQ бойынша интеллектісі 160 балға бағаланды. Бұл Эйнштейн мен Хокингтің көрсеткіші. 9 айында бала толық фразалармен сөйлей бастады, ал екі жасында ол әртүрлі қиын тақырыптар бойынша ересектермен сөйлесе алды. Қазір 12 жастағы, Оскар орта мектепті бітіріп, 6 тілді оқып, биология бойынша барлық әлемдік деңгейдегі кітаптар мен ғылыми әдебиеттерді тауысып шықты.Петр Величко
Запорожье облысының Мелитополь қаласында дүниеге келген. 11 жасында «Керемет бала» байқауының бас сыйлығын алды. Қарсыластары одан үлкенірек балалар болған. Туыстарының айтуы бойынша, Петя 2 жасынан бастап оқып, санап отырды. Үнемі күрделі тақырыптар бойынша сұрақтар қоятын болған. Баланың негізгі хоббиі – математика және информатика, бұл оған Украинадағы ең ақылды балалар қатарына енуге мүмкіндік берді. Величко жинағында олимпиадалар мен нақты ғылымдар сайыстарының көптеген дипломдары, медальдары мен марапаттары бар.Карина Окли
Кішкентай Карина Оклидің IQ көрсеткіші 2 жасында-ақ 160 балды құрады. Анасы қызының мықты есте сақтау қабілеті, қызығушылығы және керемет тапқырлығы бар екенін мақтанышпен айтудан жалықпайды. Өскен сайын Карина өзінің қасиеттерін дамытып, оның жасына сай келмейтін күрделі кітаптарды оқиды екен. Уақытының барлығын үйірмелерге және оқуға жұмсайды.Бетті дайындаған Нұржан ҚАДІРӘЛІ.
Ұқсас жаңалықтар
Ажары – әсем, дидары – көркем Таразым!
- 15 қазан, 2024
Муза – шығармашылықтың қайнар көзі
- 14 қазан, 2024
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді