
Су айдындарында сақ болыңыз!
Жақында облыстық азаматтық қорғаныс басқармасының офицерлері, жедел құтқару жасағының құтқарушыларымен бірге Меркі, Шу, Қордай, Жуалы, Талас және Сарысу аудандарындағы су айдындарында судағы қауіпсіздік бойынша білімді насихаттау бойынша профилактикалық іс- шаралар жүргізді.
Аталған аудандар аумағындағы су айдындарының маңында орналасқан демалыс орындарының демалушыларымен, адам көп шоғырланған орталықтар мен базарларда, су арналарына жақын тұратын жергілікті тұрғындармен әңгімелесіп, дауыс зорайтқыш құралдары арқылы судағы қауіпсіздік ережелері туралы айтылып, жадынама таратылды. Жүргізілген іс-шаралар барысында судағы қайғылы оқиғалардың басты себептері белгіленбеген жерлерде шомылу, шомылу кезінде өз күшін бағаламау, балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру және мас күйде суға түсу болып табылатыны халықтың назарына жеткізілді. Судағы қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі түсіндірілді.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді