Сан сауалды қамтыған жиын
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінде медициналық, санатталған ұйымдардың және олардың негізінде азаматтық қорғау қызметтері құрылған ұйымдардың өкілдерімен азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану ережелері, ұйымдарды азаматтық қорғаныс санаттарына жатқызу, азаматтық қорғаныс саласында профилактикалық бақылау жүргізу тәртіптері, азаматтық қорғау саласындағы ұйымдардың құқықтары мен міндеттері туралы сауалдарды қамтыған оқу жиыны өтті. Департамент бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Ералы Ақылбеков медициналық мекемелерде, азаматтық қорғау қызметтерінде, сондай-ақ, санаттарға жатқызылған объектілерде азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу бойынша жүйелі және белсенді жұмыстар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатаң түрде жүргізілуге тиіс екенін атап өтті.
Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Аббас Сулиев «Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы», сондай-ақ, азаматтық қорғау саласындағы ұйымдардың құқықтары мен міндеттері туралы ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы №1357 қаулысының, азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша іс-шаралардың орындалуын баяндады.
Сонымен қатар, азаматтық қорғаныс құрылыстарының иелеріне «Азаматтық қорғау туралы» Заңның азаматтық қорғаныс объектілерін әзірлікте ұстау және нысаналы пайдалану жөніндегі талаптары түсіндірілді.
Іс-шарада тыңдаушылар азаматтық қорғаныс саласындағы нормативтік-құқықтық талаптармен танысып, Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы білімдерін тыңдады.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Әр естелік - желтоқсаншылардың жан сыры
- Бүгін, 06:03
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




