Мойынқұм ауданында мыс өндіріледі
Ресей Федерациясының Екатеринбург қаласында өткен «Иннопром-2023» халықаралық өнеркәсіптік көрмесі аясында ресейлік компаниялармен В2G кездесулер ұйымдастырылды. Ауқымды шараға облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек бастаған жамбылдық делегация да қатысты. Халықаралық көрме барысында Жамбыл облысының аумағында инвестициялық жобаларды іске асыруға өңдеу өнеркәсібі мен энергетиканың түрлі салаларындағы бірқатар ірі ресейлік компаниялар (Урал эластомерлік тығыздау зауыты, Piton Electric, «КОНАР» өнеркәсіптік тобы, «ЭНЭЛТ» компаниялар тобы және басқалар) қызығушылық танытты.
Ресейлік компанияларға өңіріміздің инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылып, ұсынылды.
«Иннопром-2023» халықаралық өнеркәсіптік көрмесі шеңберіндегі келіссөздердің нәтижесінде Жамбыл облысының әкімдігі мен Урал құрылыс одағы арасындағы жалпы көлемі 66,8 миллион АҚШ долларын құрайтын Мойынқұм ауданында мыс өндіру бойынша инвестициялық жобаны іске
асыру туралы келісімшартқа қол қойылды.
Тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға бағытталған жұмыстар жалғасатын
болады.
«Aq jol»-Aqparat.
Ұқсас жаңалықтар
Әр естелік - желтоқсаншылардың жан сыры
- 18 желтоқсан, 2025
«Ән жазсам, таза жүректерге тамыр жаятындай етіп жазғым келеді»
- 18 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




