ҚАЖ қызметкерлерінің арасында психологиялық тренинг өтті
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің жеке құрам қызметкерлерінің арасында психологиялық тренинг өтті. Бұл күні тәртіп сақшылары арнайы психологиялық диагностикадан тексерістен өтіп, өздерінің жүйке талшықтарының әл-ауқатын байқады. Сондай-ақ, олардың шығармашылығын айқындайтын арт-терапияда өз жемісін берді. Осынау шығармашылық жұмыс барысында ҚАЖ қызметкерлерінің түрлі сезімдері мен эмоциялары ашыла түсті. Күрмеу қиын жағдайдан шығуға көмектесетін түрлі ойындардан құралған тренинг соңында қатысушылар алған әсерлерімен бөлісе отырып, бір-бірлеріне алғыстарын және жылы лебіздерін білдірді. Іс-шара мақсаты орындалды.
Ұқсас жаңалықтар
Қауіпсіздік пен адам құқықтарының арақатынасы қандай?
- 13 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




