Білім саласындағы белестер

Білім саласындағы белестер
ашық дереккөз
Білім саласындағы белестер
 
  • 2022-2023 оқу жылында 11-сыныпты облыс бойынша 370 орта мектепте 12 115, мемлекеттік мектептерді 10437, жекеменшік мектептерді 1201 оқушы бітірді.
  • 305 мектеп бітіруші «Алтын белгі», 11-сыныпты бітірген 852 оқушы, 9-сыныпты тәмамдаған 1611 оқушы үздік аттестат иеленді.
  • 9-сыныпты 22956 оқушы аяқтады.
  • Облыс бойынша оқу жылының қорытындысында білім сапасы 67,6 пайызды құрады. Өткен оқу жылының қорытындысымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 0,5 пайызға жоғары.
  • ҰБТ 18 мамырда басталып, 4 шілдеге дейін жалғасты. Тестілеу облыс аумағында екі «Ustudy» ЖШС-ның ҰБТ тапсыру 2 пунктінде өткізілді.
Биыл ҰБТ-ны екі рет тапсыруға мүмкіндік берілді. Екі тестілеудің қайсысынан талапкер жоғары балл жинаса, сол нәтижемен мемлекеттік грантқа үміткер ретінде конкурсқа қатысады. Тестілеуге 12115 мектеп бітірушінің 9373-і базаға тіркеліп, 9119-ы қатысты. Облыс бойынша ҰБТ-дағы орташа балл 84,4-ті құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,9-ға жоғары.
  • 137 баллды Тараз қаласы «125 Education» ЖШС жекеменшік мектебінің түлегі Назерке Алтынханқызы, ал 135 баллды Т.Рысқұлов пен Шу аудандарының түлектері алды. 100-ден жоғары балл алған мектеп бітірушілер саны 369-ға көбейіп, 1587-ні құрады.
  • Биыл жалпыға бірдей міндетті білім қоры есебінен жекелеген санаттағы отбасынан шыққан 48671 оқушыны әлеуметтік қолдауға 5,9 миллиард теңге, оның ішінде тамақтандыруға 3 545 871 теңге, киім-кешекке 1 974 436 теңге, жазғы сауықтыру демалысын өткізуге 351 283 мың теңге қаржы бөлінді.
  • 2023-2024 оқу жылында мектеп формасына 48 671 баланың әрқайсысына 40 567 теңгеден 1 миллиард 974 миллион 436 мың теңге қаржы қарастырылып отыр. Сондай-ақ, жыл сайын «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілер есебінен көмек көрсетіледі. 2022 жылы демеушілер есебінен 7 656 балаға 108 миллион 308 мың теңгеге көмек көрсетілді.
  • Облыстағы 446 мектептің 410-ында немесе 92,1 пайызында асхана бар. 2023 жылы жалпыға бірдей міндетті орта білім қорынан оқушыларды тамақтандыруға 3,5 миллиард теңге қаржы бөлінген. Тамақтың құны орташа есеппен 450 теңгені құрайды. 2022-2023 оқу жылында ыстық тамақпен қамтылған бала саны – 49 137.
  • Облыс бойынша 1-4 сынып оқушыларының жалпы саны 94 373, оның ішінде жекелеген санаттағы 23 400 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды. 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап барлық 1-4 сынып оқушылары бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылады. Оған Жамбыл облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» №23-3 шешімінің негізінде 2,5 миллиард теңге қаржы бөлінді.
  • 2023 жылға 17 білім нысанының күрделі жөндеу жұмыстарына 4,4 миллиард теңге қаржы қарастырылған. Бүгінгі күні 17 білім нысанында күрделі жөндеу жұмыстары басталып, жұмыс жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар