Электрлі қармақпен балық аулаған браконьерлер ұсталды
Облыста браконьерліктің тағы бір дерегі анықталды. Байзақ аудандық полиция бөлімі табиғатты қорғау тобының қызметкерлері Ақжар ауылындағы Талас өзенінің маңында «Volkswagen Golf» маркалы автокөлігін тоқтатады. Тексеру кезінде автокөліктің багажы мен салонынан жалпы салмағы шамамен 20 келі болатын балық салынған қапшық, резеңке қайық, балық аулау құралдары, металл тор, электр сымдары, электрлі қармақ аппараты, аккумулятор табылады. – Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы 3-бөлігі, яғни балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз өндіру бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта істің егжей- тегжейлі мән-жайларын анықтау үшін барлық қажетті тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Облыстық полиция департаменті электрлі қармақпен балық аулау заңсыз екенін және мүлдем тыйым салынғанын ескертеді. Мұндай құралмен балық аулау – браконьерлік қылмыс. Электрлі қармақты қолданудың зияны орасан зор, тек балық ресурстарын ғана емес, сонымен бірге тоғандағы басқа да су жануарлары жойылады. Электрлі қармақты бір рет қолданғаннан кейін су қоймасының қалпына келуі ұзақ уақытты алады.
Дайындаған Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА
Ұқсас жаңалықтар
Таразда жазасын өтеушілерге құқықтық көмек көрсетілді
- 11 желтоқсан, 2025
Бұрын сөзбен шешілетін мәселе қазір құжатпен шешіледі
- 9 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




