Шу ауданындағы 6 ауылға таза ауыз су тартылуда
Жамбыл облысы Шу ауданында биыл 6 ауыл таза ауыз су желісіне қосылады. Олардың қатарында Жаңақоғам, Сауытбек, Көкқайнар, Еңбекші, Ақтөбе ауылдары мен Шу қаласындағы Қант зауыты шағын ауданы бар.
Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібеков бірқатар нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасымен танысты.
Қазір Сауытбек ауылында су құбырлары толық тартылып біткен. Ендігі кезекте негізгі су жеткізу жүйесінің құрылысы жүруде. Қант зауыты шағын ауданында да жұмыстар қызу атқарылуда.
Аудан әкімінің айтуынша, жұмыс жоспарға сәйкес орындалып, жоғарыда аталған су нысандарының барлығы ағымдағы жылы пайдалануға берілуі тиіс.
- Ауыз су тарту жұмыстарын жеке-жеке аралап, көзбен көргеннен кейін барлық жауапты мердігерлермен, авторлық және техникалық қадағалаушылармен жиын өткіздік. Басқосу барысында жауапты тұлғаларға жұмысты уақтылы әрі сапалы орындау бойынша тапсырмалар берілді. Аталған жұмыстардың барлығына жергілікті жердегі белсенді азаматтар мен ауыл ақсақалдары да бақылау жүргізетін болады,- деді Бақытжан Жәнібеков.
Айта кету керек, Шу ауданында 35 елді мекеннің 26-сы орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілген. 4 елді мекен ауыз сумен жартылай қамтылған, яғни тұрғындар ауыз суды көше бойындағы құдықтан тасымалдау арқылы тұтынады.
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Әр естелік - желтоқсаншылардың жан сыры
- 18 желтоқсан, 2025
«Ән жазсам, таза жүректерге тамыр жаятындай етіп жазғым келеді»
- 18 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




