Қошқараталықтардың қуанышымен бөлісті
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұқаш Ескендіров кеше Жуалы ауданында болып, таулы өңірде салынып жатқан бірқатар құрылыс нысандарын аралап, ауыл тұрғындарымен кездесті. Халық қалаулысы Мұқаш Зұлқарнайұлы әуелі Жетітөбе ауылдық округіне қарасты Кәріқорған ауылындағы спорт мектебінің құрылыс жұмысымен танысты. Нысанның құрылыс жұмысын «BEK stroi» ЖШС жүргізуде. Жобаның жалпы құны 111 миллион теңгені құрайды. Мұқаш Ескендіров компания өкіліне нысанды құрылыс кестеден кешіктірмей тапсыруды және мектеп ауласын абаттандыру қажеттілігін айтты.
Сонымен қатар, депутат өңір тұрғындарын аудан орталығымен байланыстыратын «Б.Момышұлы- Қошқарата» бағытындағы тасжолдың 35-40 километр аралығындағы жол жағдайымен танысты. Мұнда аяқсыз қалған жол құрылысына қаржы қарап, аяқтау керектігін айтқан халық қалаулысы жол мәселесін тиісті орындарға жеткізетіндігін жеткізді.
Бұдан бөлек Мұқаш Зұлқарнайұлы Қошқарата ауылдық округінде атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарын көрді. Соның бірі – Қызтоған ауылына тартылып жатқан ауыз су құбыры. Шағын модульды су стансасын орнатып жатқан мердігер құрылыс жұмысын тамыз айында аяқтап, пайдалануға бермек. Сөйтіп 250 тұрғыны бар 34 аула таза ауыз сумен қамтылатын болады.
Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескендіров Қошқарата ауылының табиғи отынға қосылған сәтінің куәсі болды. Ондағы газ тарту құрылыс жұмысын «Ремстрой» ЖШС жүргізген. Бүгінгі таңда ауылдағы 176 ауланың 50-і көгілдір отынға қосылған. Газ тарату стансасының жанында кездесу ұйымдастырылып, онда халық қалаулысы Қошқарата ауылының тұрғындарымен кездесті. Бұдан кейін Б.Момышұлы ауылында салынып жатқан 18 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің құрылысымен танысып, партияның атынан ауылдық округтерге сайланған әкімдермен кездесіп, пікір алмасты.
Нұржан МАНАСҰЛЫ,
журналист.
Жуалы ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Әр естелік - желтоқсаншылардың жан сыры
- 18 желтоқсан, 2025
«Ән жазсам, таза жүректерге тамыр жаятындай етіп жазғым келеді»
- 18 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




