Қордай ауданында Мәдениет үйі пайдалануға берілді
Астананың 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Жамбыл облысы Қордай ауданы Қарасу ауылында 90 орындық жаңа Мәдениет үйі пайдалануға берілді.
Нысанның ашылу салтанаттына аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, зиялы қауым өкілдері, мәдениет саласы қызметкерлері және жергілікті тұрғындар қатысты.
- Қарасу ауылында Мәдениет үйінің жоқтығы – ауыл тұрғындарының көптен бері көтеріп келе жатқан мәселелердің бірі болған. Жаңа мәдени нысан ауыл халқының бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді, - деді Дамира Сүгірбай.Бұдан соң жаңа нысанның символикалық қызыл лентасын қиылып, қазақы дәстүрмен шашу шашылды. Қарасу ауылының көнекөз қариясы Бақыт Керімқұлұлы ақ батасын берді. Жиналған көпшілік Мәдениет үйінің ішін аралап, аудандық Мәдениет үйі өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалады. Айта кету керек, Мәдениет үйінде би, қолөнер сынды үйірмелері ашылған. Сондай-ақ, мемлекеттік тілді үйрету бойынша курстар да өтеді. Мұнда 12 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Әр естелік - желтоқсаншылардың жан сыры
- 18 желтоқсан, 2025
«Ән жазсам, таза жүректерге тамыр жаятындай етіп жазғым келеді»
- 18 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




