Жүргізуші жауапкершілікке тартылды
Тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында «Honda Stream» маркалы автокөлік жүргізушісінің жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, апатты жағдай туғызған бейнежазбасын анықтады. Іздестіру іс-шаралары барысында облыстық полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен дәл осы автокөліктің жүргізушісі анықталды. Ол Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғыны болып шықты. Құқық бұзушы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 606-бабы 1-бөлігі (жол жүрісіне қатысушының жол жүрісі қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы) және 602-бөлігі 1-бөлігі (көлік құралдары жүргізушілерінің сыртқы жарық түсіру аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану, авариялық сигнал беруді қолдану қағидаларын бұзуы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Дайындаған Есен ӨТЕУЛІ.
Ұқсас жаңалықтар
Қауіпсіздік пен адам құқықтарының арақатынасы қандай?
- 13 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




