Жабайы қарасора жойылды
Бүгінгі таңда ел ішінде нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күресу мақсатында кешенді жоспарлардың жобасы әзірленген. Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұржан Рахметуллаевтың айтуынша, есепті кезеңде облыс аумағында 224 есірткі қылмысы анықталған. Оның ішінде, есірткі өткізу – 45, есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау – 34, есірткі құралдарын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау – 3 және есірткі контрабандасының 6 дерегі тіркелген. Ал, заңсыз айналымнан 540 килограмға жуық есірткі тәркіленген. Жалпы, полиция қызметкерлері есірткі қылмысымен ғана емес, жабайы өсімдіктермен де күресуде. Облыстық полиция департаментіне бағынысты есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен жергілікті атқарушы билік өкілдерімен бірлесіп учаскелерді ору, шабу, өртеу және улы химикаттарды қолдану арқылы есірткілерді жоюда. Мәселен, тек бір Байзақ ауданында ғана шабу және өртеу арқылы 18,7 гектар жердегі 20 тонна 456 келі жабайы қарасора жойылды.
Дайындаған Есен ӨТЕУЛІ.
Ұқсас жаңалықтар
Baytaq партиясының пленарлық отырысы өтті
- 4 ақпан, 2026
11 бөлім, 95 бап: Жаңа Ата Заңның жобасы жарияланды
- 31 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




