Барымташылардың жолы кесілді
Облыс аумағында мал ұрлығымен күресу үшін тұрақты негізде арнайы құрылған жедел- іздестіру топтары жұмыс істейді. Олар мал базарлары, мал сою орындары және жабайы сауда орындарына рейдтер жүргізеді. Ұйымдастыру шаралары мен мақсатты жұмыс нәтижесінде жыл басынан бері 6 қылмыстық топ құрықталып, жауапкершілікке тартылған. Жалпы, өңірде ұрланған 305 малдың 204-і табылып, иелеріне қайтарылған. Мәселен, жедел- іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде Жамбыл ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жүк көлігімен жылқы табынын әкету әрекеті кезінде екі ер адамды ұстады. Нәтижесінде осы ауданның 36 және 26 жастағы тұрғындары құрықталып, олар өз кінәларын толық мойындады. Бүгінде осы дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 188-1-бабының 2-бөлігімен (мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. – Мал ұрлығының алдын алу шараларының нәтиже сінде құны 6 740 000 теңге тұратын жылқы ұрлығының жолы кесілді. Қазіргі уақытта күдіктілердің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау мақсатында жан-жақты тергеу жүргізілуде, – деді облыстық полиция департаментіне бағынысты криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы, полиция подполковнигі Мейіржан Қадірқұлов.
Дайындаған Есен ӨТЕУЛІ.
Ұқсас жаңалықтар
Таразда жазасын өтеушілерге құқықтық көмек көрсетілді
- 11 желтоқсан, 2025
Бұрын сөзбен шешілетін мәселе қазір құжатпен шешіледі
- 9 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




