Ұрланған қарулар табылды
Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Тараз қаласының Махамбет батыр көшесіндегі зират маңынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер салынған 3 полиэтилен қапшығын тапты. Жедел ақпаратты іске асыру барысында табылған қаптардан 10,25 мм калибрлі 3 оқ-дәрісі бар «Сайга 410» маркалы өздігінен оқталатын тегіс ұңғылы карабин, 16 мм калибрлі «ИЖ КА» маркалы бір ұңғылы аңшы мылтық табылды. Бұдан бөлек, Қаңтар оқиғасы кезінде облыстық полиция департаментінің қоймасынан ұрланған 12 мм калибрлі «Hatsan» маркалы бір ұңғылы тегіс ұңғылы винчестер мен зауыт нөмірі жойылған 16 мм калибрлі «ИЖ 17» маркалы бір ұңғылы тегіс ұңғылы аңшы мылтығы бары анықталды. – Қазіргі таңда бұл дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 287-бабы 3-бөлімі (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеп- тексеру амалдары басталды. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды, – деді облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.
Дайындаған Есен ӨТЕУЛІ.
Ұқсас жаңалықтар
Таразда жазасын өтеушілерге құқықтық көмек көрсетілді
- 11 желтоқсан, 2025
Бұрын сөзбен шешілетін мәселе қазір құжатпен шешіледі
- 9 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




