Есірткі заттары тәркіленді
Облыс аумағында нашақорлыққа қарсы күрес айлығы қорытындыланды. Есепті кезеңде өңірде 281 есірткі құқық бұзушылығы анықталып, заңсыз айналымнан 2,5 тонна есірткі заттары тәркіленді. Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Дінмұхамбет Қойториев мұндай шаралар өскелең ұрпақтың есірткіге әуес болмауының алдын алатынын айрықша атап өтті. – Нашақорлықтың алдын алу және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Бір айлық шара барысында полицейлер облыстық спорт, мәдениет, денсаулық сақтау, білім басқармаларының өкілдерімен, еріктілермен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп 298 іс-шара өткізді, – деген ол полицейлерге нашақорлықпен күреске қосып жүрген елеулі үлесі үшін ризашылығын білдірді.
Айта кетейік, шараға белсенді қатысқан мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және ерікті ұйымдардың өкілдері облыстық полиция департаменті бастығының Алғыс хаты мен марапатталды.
Дайындаған Есен ӨТЕУЛІ.
Ұқсас жаңалықтар
Қауіпсіздік пен адам құқықтарының арақатынасы қандай?
- 13 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




