Көшелер жарықтандырылып, жолдар жөнделуде

Көшелер жарықтандырылып, жолдар жөнделуде
ашық дереккөз
Көшелер жарықтандырылып, жолдар жөнделуде
Тараз қаласындағы көше жолдарына асфальт жабыны төселуде. Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов шаһардағы атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты. Аймақ басшысы Тараз қаласының «Шалғай Қарасу» тұрғын алқабында болып, бірқатар нысандарды аралады. Облыс әкімі осы тұрғын алқаптағы екі жыл бұрын пайдалануға берілген дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде болды. Нұржан Нұржігітов кешеннің айналасын көгалдандыру бойынша сенбіліктер ұйымдастыру керектігін айтып, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Арман Ташметовке әлі де спорттық құралдар жетіспейтін залға жабдықтар жеткізу жұмыстарын тезірек ұйымдастыруды тапсырды. Ал, №52 бастауыш мектеп ғимаратының жағдайын көрген облыс әкімі нысанды 2025 жылы күрделі жөндеуден өткізу қажеттігін атап өтті. Мұнан соң облыс әкімі Целиноград көшесі 1,2,3,4-бұрылыстарындағы жол- құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Жөндеу жұмыстары осы жылдың аяғына дейін аяқталады деп жоспарланған. Мұнда бір топ тұрғындармен кездесіп, өтініштерін тыңдаған аймақ басшысы бүгінде қала бойынша 240 көшеде жол жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын жеткізді. Тұрғындардың жаяу жүргіншілер жолын салу тілегі де орындалатын болды. Көше жарығына қатысты мәселе де өз шешімін таппақ. Келесі кезекте аймақ басшысы облыс орталығындағы Саңырық батыр, Шостокович көшелеріндегі жол жөндеу жұмыстарын тексерді. Нұржан Нұржігітов жауаптыларға барлық құрылыстардың сапалы әрі уақтылы орындалуын қатаң бақылауға алу керектігін баса айтты.  

Тараз қаласы

 

Ұқсас жаңалықтар