Біліктілік білімді де арттырады
Адам мен жан-жануарлардың ауруы зертханаларда жүргізілетін сынама қорытындыларынан кейін анықталатыны белгілі. Сондықтан да зертхана жұмысының рөлі жоғары. Осы салада жемісті еңбек етіп жүрген Жамбыл облысы бойынша штаттан тыс бас дәрігер лаборанты Мака Маглаперидзенің еңбегі атап өтуге тұрарлық. Ол бүгінгі таңда әріптестерімен бірге жалпы мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында өңірде ұйымдастырылып жүрген ғылыми конференцияларда мамандарға дәріс оқып, бағыт-бағдар беріп жүр. – Түрлі ұйымдармен жұмыс істей отырып, бірінші кезекте денсаулық саласында жүрген зертхана мамандарының біліктілігін арттыруға күш салып келеміз. Мәселен, осы саладағы штаттан тыс маман ретінде талай мекемелермен жұмыс істеп, кеңестер беріп, іс-шараларға қатыстым. Жуырда жұмыс барысында «Амир и Д» орталығының бас директорымен бірлесе отырып зертханалық диагностика қызметкерлеріне «Жұқпалы ауруларды сапалы анықтау үшін иммунохроматографиялық талдаудың экспресс-тестері, сонымен қатар инфекциялық ауруларды анықтау» тақырыптарында конференция өткіздік. Оған қатысқан зертхана қызметкерлері мен басшылары, мамандары біліктіліктерін арттырып қана қоймай, білімдерін де арттырды деп ойлаймын, – дейді Мака Маглаперидзе.
Жалпы, мұндай конференциялар облыс орталығы Тараз қаласы мен аудандарда жиі ұйымдастырылып, тұрақты өткізіліп отырады. Онда әртүрлі дәрежедегі қан аурулары, атап айтсақ, жедел лейкоз, идиопатиялық тромбоцитопения, тромбоцитоз және басқа да қан аурулары бойынша кеңестер беріледі. Өйткені, мамандар бұл аурумен ауыратын сырқаттармен жиі кездеседі. Бүгінгі таңда ол осы тақырыпта зертханалық диагностика бойынша мамандарға семинар өткізіп, білімдерін жетілдірумен айналысып келеді.
Қазіргі таңда KDL-ді одан әрі дамыту мен жетілдіру жоспарлануда. Сондай-ақ, 25 сәуірде анестезиологтар, реаниматологтар және лаборанттармен бірге «СӨС, оттегінің күйі, қан газдарын, электролиттер мен метаболиттерді талдаудағы реаналитикалық қателер» тақырыбында «Радиометрлік Медициналық Aps» конференциясы жоспарланған.
Онда облыс бойынша штаттан тыс бас зертханашы дәрігер қалалық және облыстық мекемелердегі мамандарға зертханалық диагностика бойынша оқыту жүргізбек.
– Жыл басында Сарысу ауданынан 3 маман ЖОМБ базасында зертханалық диагностика бойынша оқудан өтті. Ақпан айында облыстық балалар және қалалық ауруханаларда сүйек кемігін оқыту, жалпы қан анализін түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Наурыз айында №1 қалалық емханада барлық қан аурулары бойынша консультация және тромбоциттер санын ИТП бойынша оқыды. Бұл жұмыстар қалалық және Мойынқұм, Қордай, Жуалы, Меркі мен Т.Рысқұлов аудандарындағы аудандық орталық аурухана мен емханаларда ұйымдастырылды, – дейді ол.
Аяжан ОЛЖАБАЙ,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті филология және журналистика факультетінің 3-курс студенті.
Ұқсас жаңалықтар
Әр естелік - желтоқсаншылардың жан сыры
- 18 желтоқсан, 2025
«Ән жазсам, таза жүректерге тамыр жаятындай етіп жазғым келеді»
- 18 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




