Жол құрылысы жұмыстары қайта жанданды
Жолдың жайын жүрген білер. Бүгінде Тараз қаласында автомобиль жолдарына асфальт жабыны төселуде. Қала әкімі Бақытжан Орынбековтің айтуынша, шаһарда 1445 көше бар. Оның 838-іне асфальт төселген. Шағал тас төселген көшелердің саны – 607. Ал, жолдардың жалпы ұзындығы 1888,5 километр болса, оның асфальтталғаны – 1171,1 километр (62%), ал жөндеуді қажет ететін жол 717,4 километрді құрайды. – Биыл орташа жөндеуден 82,5 километр жолды жөндеу көзделген. Жалпы, қалада жол жөндеу жұмыстары аясында 42 жоба қаралып, оған қалалық бюджеттен 3,36 миллиард теңге бөлініп, конкурс өткізілуде. Қазіргі таңда техникалық қадағалаушылар анықталған 3-Завод, Пірімқұлов, Жамбыл-Төле би даңғылынан оңға бұрылатын жолақ, «Әуежай» алқабындағы көшелер, «Alina Group» ЖШС-на баратын жол, №15 шағын ауданына кіреберіс жол, Шу және Нұрпейісов, Бурный, «Орман» алқабы көшелерінде жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде, – дейді қала әкімі.
Бұдан бөлек, Саңырық батыр, Шостакович көшелерін қайта жаңғыртудан өткізу үшін тиісті қаржы қаралып, конкурс өткізілуде. Ал, «Нұрлы Жол-7» ЖШС-на қарасты 4 бригада 29 904 шаршы метрді жолға ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қала көшелерін қалпына келтіру мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында да бірқатар жобалар бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстары өткізілуде. Сонымен қатар, биыл Абай даңғылындағы 2 көпірге жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, конкурсқа өткізілген.
Аяжан ОЛЖАБАЙ,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті филология және журналистика факультетінің 3-курс студенті.
Тараз қаласы
Ұқсас жаңалықтар
Әр естелік - желтоқсаншылардың жан сыры
- 18 желтоқсан, 2025
«Ән жазсам, таза жүректерге тамыр жаятындай етіп жазғым келеді»
- 18 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




