Құрметке лайық қашанда

Құрметке лайық қашанда
ашық дереккөз
Құрметке лайық қашанда
Әке тілегі – таудан биік, қабырғасы – қақпа, иығы – қорған. Ал, сол бір ардақты адамның көңілін қалдырып, өкпесіне ұшыраған адам – оқ тиген құстай құлдырап кетері сөзсіз. Сондықтан, қарашаңырақтың мүшелерін қас-қабағымен тыңдатып, қимыл-қозғалысымен сыйлата білген әке атты асыл адамға деген құрмет ешқашан толастамауы керек. 18 маусым – Әкелер күніне орай, «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығында ардақты әкелердің мәртебесін биіктету мақсатында «Әке – отбасының тірегі» атты дөңгелек үстел өтті. – Әке рөлінің дәстүрлі отбасылық құндылықтарын насихаттап, бала тәрбиесіндегі орнын дәріптеп, мәртебесін көтеру – әрбір адамның борышы. Қоғамда бұрыннан әкенің рөлі ерекше. Бәрімізге тәлім-тәрбие берген әке атаулыға алғысымыздың шексіз екенін күнделікті айтып жүрсек те артық етпес, – деді басқосуда облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев. Жиын барысында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев әкеге деген сағынышын, жүрегіндегі терең сезімдерін бөлісіп, құттықтау лебізін білдірді. Ал, кеш қонақтары Т.Рысқұлов аудандық әкелер кеңесінің төрағасы Мырзабек Маңғұтов «Әкеге қарап ұл өсер», бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл, «Сенімен болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі Жамбыл филиалының директоры Дәурен Бағжанов «Әке – жауапты лауазым», «Талдау» социологиялық және маркетингтік зерттеулер орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақыт Әлмұратов «Отбасы құндылықтарын қалыптастырудағы әлеуметтік проблемалардың әсері», Жол-патрульдік полиция капитаны, көпбалалы әке Ғалым Арыстанбаев «Әке беделі – тәрбие кепілі» тақырыптарында әңгіме өрбітіп, ой түйіндеді.  

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

     

Ұқсас жаңалықтар