Іс бойынша дыбыс-бейне жазба құралдарын қолдану
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің нормаларына сай, қаралып жатқан азаматтық іс бойынша сот отырысында дыбыс-бейне жазба құралдары қолданылады. Ашық сот отырысының барысын тіркеп жазу аудио немесе бейнежазу құралдарының көмегімен жүзеге асырылады.
Сот отырысының барысында аудио немесе бейнежазу құралдарын қолдану (аудио,бейнехаттама) үздіксіз жүзеге асырылады.
Сот отырысын аудио немесе бейне жазу құралдарымен тіркеп жазуды сот отырысының хатшысы жүзеге асырады. Іске қатысатын адамдардың барлығы сот отырысына келмеген жағдайда, процесті аудио немесе бейнежазу құралдарының көмегімен тіркеп жазу (аудио,бейнехаттама) жүзеге асырылмайды.
Істі талқылауды аудио немесе бейнежазу құралдарын пайдалану арқылы тіркеп жазған жағдайда, сот отырысының хатшысы жазбаша нысанда қысқаша хаттама жасайды.
Сот отырысының аудио немесе бейнежазбасын қамтитын материалдық жеткізгіш пен қысқаша хаттамасы іс материалдарына қоса тіркеледі.
Сот іске қатысатын адамдардың немесе олардың өкілдерінің өтінішхаты бойынша оларға сот отырысының аудио- бейнежазбасының көшірмесін ұсынуы мүмкін.
Айнұр ҮСЕНБАЕВА,
Тараз қалалық сотының судьясы.
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев Түркия Республикасының Вице-президентімен кездесті
- 16 сәуір, 2026
Күйзеліске төзімділік қалай қалыптасады?
- 9 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




