Балаларды қараусыз қалдырмаңыз!
Облыс аумағында маусым айы басталғалы екі бала суару каналдарына батып кетті. Меркі ауданында 3 жасар, Қордайда 7 жастағы қыз ересектердің қарауынсыз қалып, суару каналдарына құлап, батып кеткен. Бәрімізге белгілі, облыс егіс науқанымен белсенді айналысады, ол үшін елді мекендердің жанында, кейде өздерінде өтетін суару каналдары пайдаланылады. Бұл каналдар сырттан қарағанда қауіпсіз көрінгенімен, бірақ іс-жүзінде балаларға үлкен қауіп төндіреді.
Осыған байланысты, облыстың төтенше жағдайлар департаменті ата-аналардан жазатайым оқиға орын алмас үшін су айдындарына жақын маңда балаларды бір сәт болса да қараусыз қалдырмауды және балаларға арық пен суару каналдарының қауіпті екенін ескертуге шақырады.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




