Құтқарушылар даярлау курсына қатысты
5-7 маусым аралығында облыстың төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 15 қызметкері Жамбыл медициналық колледжінің аймақтық симуляциялық орталығында алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша медициналық білімі жоқ адамдарды (парамедик) даярлау курсына қатысты. Азаматтық қорғау қызметкерлерінің аталған бағыттағы курсқа қатысуын ұйымдастыру жұмыстары жедел құтқару жасағы құтқару бөлімшесінің құтқарушы-мейірбикесі Дина Каримбаеваға жүктелді. Жалпы, кез келген төтенше жағдайлар мен өрт оқиғалары кезінде жедел медициналық жәрдем қызметі келгенге дейін әрбір өрт сөндіруші-құтқарушы зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсете білуі тиіс. Ал, бұл өз кезегінде бірнеше жанның өмірін құтқарып қалуға септігін тигізеді. Адамдар қандай да түрлі білімді игерсе, ол ешқашан да артықтық етпейтіні белгілі.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Әр естелік - желтоқсаншылардың жан сыры
- 18 желтоқсан, 2025
«Ән жазсам, таза жүректерге тамыр жаятындай етіп жазғым келеді»
- 18 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




