«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Бір күнде 30 шақыртуға шықты

Бір күнде 30 шақыртуға шықты
ашық дереккөз
Бір күнде 30 шақыртуға шықты
8 маусымда Т.Рысқұлов ауданының Құлан ауылында орналасқан шаруа қожалығының дән-дақыл сақтау қамбасынан өрт шықты. Оқиға орнына Құлан ауылының өрт сөндіру бөлімінің 3 автокөлігі, Меркі ауданынан 2, Сарыкемер ауылынан 1 өрт сөндіру автокөлігі келіп жеткен. Өртті сөндіруге барлығы 30-дан астам адам жұмылдырылған. Оқиға орнында 2 газ-түтіннен қорғау буыны жұмыс атқарған. От жауынгерлері «қызыл жалынды» екі сағаттан астам уақытта жойды. Өрт салдарынан қамбаның темір жабындылары зақымдалып, 400 тонна арпа, 400 тонна пісте жойылды. Сондай-ақ, дәл сол күні Қордай ауданы, Мұзбел ауылындағы тұрғын үйдің ауласында қора өртке оранса, Мойынқұм ауданы, Ақсүйек ауылында тұрғын үй өртенген. Сондай-ақ, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласындағы «Қазфосфат» зауытының ауласында орналасқан цехтың ішінен өрт шыққан. Бұл күні облыстың өрт сөндіруші-құтқарушылары мұнан өзге қураған шөп пен қоқыстың жану оқиғасына 23 рет, электр сымының қысқа тұйықталу оқиғасына – 1 рет, апаттық-құтқару жұмыстарына – 1 рет, тұрғындардың құлыптанып қалған есіктерін ашып беру жұмыстарына 3 рет шыққан.  

Жүрсінгүл ЖАҚЫП

Ұқсас жаңалықтар