ҮКІМЕТ ҮМІТТІ АҚТАДЫ

ҮКІМЕТ ҮМІТТІ АҚТАДЫ
ашық дереккөз
ҮКІМЕТ ҮМІТТІ АҚТАДЫ

Оған біз облыс орталығындағы май құю бекеттерін, такси тұрақтарын аралап, түрлі көлік және такси жүргізушілерімен пікірлескенде көз жеткіздік.

2Евгений Кан, «Тараз-Арена» спорт кешенінің жаттықтырушысы:

– Өзім жұмысқа жеке көлігіммен қатынаймын. Түскі үзілісте үйге барамын. Бензин шақ келмейтін. Ол дегеніңіз қып-қызыл ақша. Бюджеттен алған айлықтың жартысы машинамның майына кететін. Күні кешеге дейін АИ- 92 бензинінің литрін 128 теңгеге құйып келіп едік, енді міне, бірден 115 теңгеге түсіпті. Бұл бірінші біз сияқты жалақысы аз азаматтарға үлкен жеңілдік.

5Самат Шегебаев, «Газ сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жүргізушісі:

– Бензин бағасының төмендеуі жүргізушілерді ғана емес, барша тараздықтарды қуантуда. Енді азық-түлік те арзандайтын шығар. Ал, жүргізуші ретінде айтарым, қандайда бір көлік болмасын жаз мезгіліне қарағанда қыс маусымында бензинді көп «жейді». Сондықтан, қатты қуанып жатырмыз. Елбасының пәрмені ғой бұл. Барша халық үшін еліміздің бас мерекесі – Тәуелсіздік күніне үлкен тарту болды.

4Талғат Қосақов, такси жүргізушісі:

– Біздің кәсіп – жеңіл машинамен қала ішінде адамдарға қызмет көрсету. Бензин бағасы қымбат болған соң, жолақыны көтереміз. Оған «клиенттер» ренжіп жатады. Күнкөрісіміз осы жұмыс болған соң, кейде олардың да жағдайына қарап, «жеткізіп сал» деген жеріне айтқан бағасына да апарамыз. Бензин болса «күйіп» тұр. Оның үстіне көлікке қосалқы бөлшек қажет. Тапқанымыз нан пұлдан артылмай жүргенде мына жеңілдік біз сияқты таксистерге жақсы болды. Үкімет алдағы уақытта да әлемде мұнай бағасының құлдырауын ескере отырып, тағы да арзандатса ғой, шіркін!

Әріптестерінің бұл сөзін қалалық аурухана алдында шоғырланып тұрған таксистердің бәрі іліп әкетті. «амандық болса әлі де арзандай жатар. Әзірге осыған да қанағат» деп қалды бірі. Көлік мінген азаматтардың көңіл-күйі осындай. Облыс әкімдігінің энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Ақаев АИ- 92-93 маркалы бензин бағасының литрі 128 теңгеден 115 теңгеге түскенін еске сала келе, сонымен қатар дизель отынының бағасының да арзандағанын жеткізді. Оның литрі 115 теңгеден 107 теңгеге түсіпті. Ал, АИ-80 маркалы бензин бұрынғы 89 теңге деңгейінде қалыпты.

Тараз қаласы.

Суреттерді түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.

Ұқсас жаңалықтар