Әлеумет
Жамбылдық дихандар егістік алқаптарына жаңа технология қолдануда
- author «Ақ жол»
- 13 маусым, 2023
- 184
Жамбылдық дихандар егістік алқаптарына жаңа технология қолдануда
Жамбыл облысы Жуалы ауданы Күреңбел ауылының тұрғыны Көмекбаев Сәулембек егістік алқабына дронмен тыңайтқыштар себу әдісін қолданып жүр. Ауыл шаруашылық мақсатында қолданылатын құрылғы Қытайда құрастырылып, жасалған.
Бұл техника Жамбыл облысында алғаш рет қолданылып отыр. Алдағы уақытта жаңа технология өз нәтижесін беріп жатса, облыс көлемінде енгізілетін болады.
- Дронмен тыңайтқыштар себу әдісін Жуалы ауданындағы шаруашылық пайдалануда. Қытайда құрастырылып, жасалатын озық технологияның нарықтағы бағасы 8-14 миллион теңге аралығында. Дронмен тыңайтқышты сағатына 20 гектарға шашуға болады. Оны арнайы мамандар келіп үйретеді. Алдағы уақытта жаңа технология өз нәтижесін беріп жатса, облыс көлемінде енгізу жұмыстар жүргізілетін болады, - дейді ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрби Жігітеков.
Айта кету керек, жамбылдық шаруалар биыл 770,4 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын отырғызды.
Өткен жылмен салыстырғанда 14,4 мың гектарға ұлғайған егіс алқабының 216,3 мың гектарына жаздық масақты дәнді дақылдар, 72,1 мың гектарына майлы дақылдар, 44,8 мың гектарына көкөніс дақылдары, 18,8 мың гектарына дәндік жүгері, 16,9 мың гектарына бақша дақылдары, 11,8 мың гектарын картоп, 10,8 мың гектарына қант қызылшасы, 27,9 мың гектарына бір жылдық және 30,8 мың гектарына көпжылдық шөп себілді.
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Қоршаған ортаны қорғауға қоғам белсенділігі қажет
- 19 қыркүйек, 2024
Болашағын әскери саламен байланыстырған сарбаздар
- 19 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді