12 маусым – Жалпыұлттық аза тұту күні
Бірнеше күн бұрын Абай облысындағы «Семей орманы» табиғи резерватында алапат өрт болып, салдарынан орман шаруашылығының 14 қызметкері қызметтік міндеттерін атқарып жүріп ерлікпеп қаза тапты. Оқыс оқиға орнына ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барып, өрт аумағын тікұшақпен аралап шықты. Бұдан кейін Мемлекет басшысы қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасы мүшелері мен жақын туыстарына көңіл айтты. Президент бұл – бүкіл халқымыз үшін үлкен қасірет екенін атап өтіп, 12 маусым яғни, дүйсенбі күнін еліміз бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялағанын жеткізді. – Көңіл айтуға келіп тұрмын. Бұл – халқымыз үшін үлкен қасірет. Еліміздің қайғысы. Бекем болыңыздар. Орны толмас қайғы екенін түсінемін. Сіздерге жан- жақты көмек көрсету жөнінде Үкіметке тапсырма бердім. Қаза тапқан азаматтар қайтып келмейді. Бірақ, өмір жалғасады. Осы қайғылы жағдайға кінәлілердің бәрі заң бойынша жауапқа тартылады. Дүйсенбі күнін еліміз бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияладым. Біз қаза тапқан азаматтарды еске аламыз. Сабыр сақтап, бекем болыңыздар. Құқық қорғау органдары мен министрліктер тарапынан болсын, барлық сала бойынша тиісті шаралар қабылданады. Бұл жағдайдан міндетті түрде тиісті қорытынды шығарамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы сондай-ақ, Президент жанына арнайы қор құрылатынына тоқталып, зардап шеккен барлық отбасыға жеке жәрдемақы тағайындалатынын айтты.
Айта кетейік, Президент Жарлығымен ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қызметінен босатылған еді. Ведомствоның жаңа басшысы болып генерал- майор Сырым Дүйсенғазыұлы Шәріпханов тағайындалды. Ал, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевқа өз міндетін тиісті деңгейде атқармағаны үшін сөгіс жарияланды.
Ұқсас жаңалықтар
Әр естелік - желтоқсаншылардың жан сыры
- 18 желтоқсан, 2025
«Ән жазсам, таза жүректерге тамыр жаятындай етіп жазғым келеді»
- 18 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




