Жазасын өтеушілер өзара бақ сынасты
Бүгінгі таңда қолданыстағы заңға сәйкес, заңды бұзған азаматтар жазалау орындарына түскенде, бұл азаматтардың ой-өрісін психологиялық тәрбиелеу мен еңбекке баулу және әртүрлі спорттық шараларға қатыстыра отырып тәрбиелейді. Өйткені, іс-шараларға белсене қатысқан сотталғандардың түзелу жолына түсуі де жылдамырақ болары анық. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде жазасын өтеушілер арасында әр аптаның сенбі және жексенбі күндері спорттық шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылады.
Мәселен, өткен демалыс күндері мұндағы арнайы контингент арасында бұқаралық спорттың бірнеше түрінен жарыс ұйымдастырылды. Бұл күні сотталған азаматтар жасақтарға бөлініп, қол күресі мен гір тасын көтеруден өзара бақ сынасты. Сайыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер мекеме әкімшілігі тарапынан марапатталды.
Айта кетейік, №26 түзеу мекемесіндегі сотты болған азаматтар 3 жасаққа бөлінген.Ұқсас жаңалықтар
Таразда жазасын өтеушілерге құқықтық көмек көрсетілді
- 11 желтоқсан, 2025
Бұрын сөзбен шешілетін мәселе қазір құжатпен шешіледі
- 9 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




