Бүлдіршіндерді бақытқа бөледі
Балаларды қорғау күні мойынқұмдық бүлдіршіндер үшін үлкен мереке өтті. Аудандық мәслихаттың депутаттары, жеке кәсіпкерлер Қанат Көшербаев пен Бекболат Өткелбаев балаларға мереке ұйымдастырды. –Басты мақсатымыз – балаларды қуантып, Алланың ризалығына бөлену, халқыма қызмет етіп, елдің алғысын алу. Осыдан біраз жыл бұрын досым Бекболат Өткелбаев осы мерекеде ауданның балаларына 1000 балмұздақ таратуды бастаған болатын. Соны естіп, мен де игі іс жасағым келді. Кәсібімді бір жолға қойып алғаннан соң осыны мен де қолға алдым. Халықта «Қуантсаң баланы қуант, бала ғана шынайы қуанады» деген сөз бар ғой. Былтыр, яғни 2022 жылы 500 дана балмұздақ, шар таратқанмын. Биыл 1000 дана балмұздақ таратып, бүлдіршіндеріміздің көңілін табуға тырыстым. Досым Бекболат өзінің дүкенінің алдындағы батутта барлық баланы мерекеде тегін ойнатып, өз тарапынан 1000 балмұздақ үлестірді. Алдағы уақытта барлық кәсіпкерлер осы іс-шараны жалғастырса, періштедей пәк көңілді балаларды қуантсақ, Жаратқан да разы болар, – дейді Қанат Доғдырханұлы.
Ағаларына алғысын жаудырған балалар да мәз-мейрам қалыптарымен мерекені қимай тарасты.
Қамар РАХМЕТУЛЛИНА
Мойынқұм ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Жасөспірімдерді қылмысқа біреу итермелей ме?
- 21 сәуір, 2026
Мұғалімдер аттестациясы не үшін тоқтатылды?
- 21 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




