Тараз қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен мәдениет үйінің бірлесе ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік тірегі – қайсар рухы қазақтың» тақырыбында жас ақындардың қалалық мүшәйрасы болып өтті. Жыр додасына ұзын саны он төрт үміткер қатысып, егемен еліміздің тәуелсіздікке жету жолындағы тар жол тайғақ кешулерін өлеңдерінде әдемі теңеулермен жеткізді.
Жас ақындардың бойында патриоттық сезімді арттыруды мақсат еткен өлең бәйгесінде өзгелерден озық болған жас талант Ернар Әбдіразақ бас жүлдеге лайық деп танылса, Әсел Оңалбекова бірінші орынды, Айбек Қадірәлиев пен Мереке Әбітова екінші орынды еншіледі. Сонымен қатар, Файзулла Төлтай мен Асылзат Жұмабай сынды жас ақындар үшінші орынға лайық деп танылды. Жүлдегерлерге қомақты сыйлық, дипломдар табысталса, жүлдеден тыс қалған жас ақындардың барлығы Алғыс хаттармен марапатталып, оларға ұялы телефондар үлестірілді. Жыр додасына қатысқан жас ақындар өз кезектерінде алдағы уақытта бұдан да әдемі өлеңдер жазып, тамаша жырларымен биіктен көрінуге ұмтылатындықтарына сендірді.
Табиғат Абаилдаев, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




