Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыс бойынша департаментінің бастамасымен биыл алғаш рет мемлекеттік қызмет саласы бойынша «Ең үздік жарияланым» атты облыстық байқау ұйымдастырылған болатын. Мұндағы мақсат – мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру. Күні кеше осы байқаудың қорытындысы шығарылып, қатысқан үміткерлер арасынан «Ақ жол» газетінің тілшісі Сапарғали Әлібай бірінші орынды жеңіп алды. Бұл жүлде әріптесімізге біздің газетімізде жарияланған «Мемлекеттік қызмет: талап пен талант тоғысқанда» тақырыбындағы мақаласы үшін беріліп отыр. Демек бұл басылымның да абыройы. Қаламы қарымды журналистке 100 мың теңгелік сертификат пен арнайы диплом «Баласағұн» орталық концерт залында өткен жастар форумында салтанатты түрде табыс етілді. Біз әріптесімізді жүлдесімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




