Нұржан Қадірәлі. О еркіндік, құшағындай ғаламның, Зар мен кекті сүйіншісі заманның. Мен... тарихи бас сүйектер жиналып, Болашаққа бал ашқанда жаралдым!
Дәуір тепкен дулығалы құл тағын, Ханға айналды халықжанды ұрпағың. Сен... қазақ деп кісінеттің майданнан, Мәйіттердің мініп қайтқан тұлпарын.
Желтоқсаннан аламын деп ақыңды, Періштелер қанға қанат батырды... Жауың тұрмақ Жаратқанға жеткізген, Ата-бабам Алашым деп датымды!
Жүрісінен тәй-тәй басқан таңдардың, Еркіндік пен еркелікті аңғардым. Жер-ананың жанарынан мөлт етіп, Нәубеттердің нүктесі боп тамған күн.
О, Бостандық, пейішіндей пендеңнің, О, Азаттық, парызындай ерлердің. Құрбан шалып тілеп алған Құдайдан, Ғасырлардың кенжесі боп сен келдің!
Енді, міне, әдіре қап кек пен мұң, Мәңгілігі мәресіне жетті елдің. Мен сондықтан саған жыр боп тәу етем, Әруақтардың арманында кеткен күн!
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




