Бір күнде 250 құқықбұзушылық анықталды
Байзақ ауданында қоғамдық орындарда құқықбұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында өткен рейдтік іс-шаралар кезінде бір тәулікте полицейлер 250 әкімшілік құқықбұзушылық анықтаған. Анығырақ айтқанда, полиция қызметкерлері 201 жол қозғалысы ережесін және 49 қоғамдық тәртіпті бұзу фактілерін тіркеген. Бұдан бөлек, жол қозғалысын қадағалау кезінде көлік басқару құқығынан айырылған адамның автокөлік басқаруы және алкогольдік масаң күйде болуының 2 дерегі белгілі болды. Сондай-ақ, тағы 1 жүргізушінің көлікті мас күйінде басқаруы, 8 жүргізушінің көлік құралын жүргізуші куәлігінсіз басқарғандығы анықталды. Ал, қауіпсіздік белбеулерін пайдалану ережелерін сақтамаудың 34 дерегі анықталса, 43 автокөліктің техникалық ақауы бар болып шықты. Нәтижесінде 12 көлік айыптұраққа қойылды.
Бұл күні тәртіп сақшылары тіркеуде тұрған тұлғалар мен қару иелерін де бақылауды жүзеге асырды. Ішкі істер органдарында есепте тұрған 106 азамат пен 33 қару иесі тексерілді. Оның 3-уі қаруды сақтау ережелерін бұзған. Сондай-ақ, тіркеусіз жүрген 11 азамат анықталды.
Ұқсас жаңалықтар
Дропперліктен аулақ бол!
- 6 желтоқсан, 2025
Тараптар арасындағы дау медиациямен шешіледі
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




